Жылыой ауданында жоғалған 1991 ж.т. ер адам 23 мамырда сағат 19:30 шамасында Жем өзеніне жеке қайығымен балық аулауға кетіп, кері оралмаған.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шақырту түскен уақыттан бастап алты күн бойы үздіксіз іздестіру жұмыстарын жүргізіп, 29 мамыр сағат 15:55-те оның денесін «Қамыскөл» көлінен шығарып алды.
Іздестіру-құтқару жұмыстарын Атырау облысы ТЖД үш құтқарушы мен бір моторлы қайық жүргізді.
Сол күні сағат 16:15-те құтқарушылар Махамбет ауданы Ақжайық селосынан бес шақырым қашықтықта жайылмаға тараған өр суынан 1998 ж.т. тағы бір ер адамның денесін шығарды.
Ол 28 мамырда «Манаш» шаруа қожалығы бағытында мал жаюға шығып, кері оралмаған.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД, АПБ, ЖАО барлығы 21 адам, 6 бірлік техника, 3 бірлік моторлы қайық жұмылдырылды.
Құтқарушылар қазіргі уақытта Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты өзен суы өз арнасынан асып, жайылмаға тарағанын ескертеді. Осыған байланысты Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын су тасқыны кезінде қауіпсізідік шараларын сақтауға :
- өзен жағалауына жақындамауға;
- ағыспен келген ағаштардың қалдықтарын ұстамауға;
- суға жақын жерде шомылудан және демалудан бас тартуға шақырады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА