Атырау, 24 қараша 09:08
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Масалар мазаны алып тұр

959 просмотра

Атырауда биыл масамен күрес жұмыстары кешігуде. Күн жылынған соң қансорғыштар қала мен қала маңындағы елді мекен тұрғындарының мазасын ала бастаған.

Мәселен, Жұмыскер-1/2 ықшам ауданы тұрғындары соңғы кезде маса көбейіп кеткеніне шағымдануда. 

«Жұмыскер ықшам ауданның тұрғындары масадан зардап шегуде, бұл инфекциялық ауру тарау қаупін күшейтеді. Әсіресе балалар мен қарт адамдар үшін қауіпті. Сондықтан дезинсекциялау шараларын қысқа мерзімде қарастыруларыңызды сұраймыз», - деп жазды қала тұрғыны әкімдіктің телеграм парақшасында. 

«Ақ Жайық» редакциясының Атырау қаласы әкімдігінен алған мәліметі бойынша, бірінші конкурсқа ешкім қатыспаған. Сол себепті сәуірде басталуы керек дезинсекция жұмыстары кешігіп жатыр екен. 

Дезинсекция жұмыстары қазір конкурста тұр. Жеңімпаз анықталысымен, маса улау жұмыстары басталады, - деді қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы.

Мемлекеттік сатып алу порталындағы мәліметке сүйенсек, биыл өңірде дезинсекциялық жұмыстарға бюджеттен 89 285 714 теңге бөлінді. Ал, 2023 жылы бұл жұмыстар 50 млн 400 мың теңгені, 2022 жылы 118 млн, 2021 жылы 116 млн құраған болатын. Аталған жұмыстарды жыл сайын «AG Disinfection services» ЖШС мекемесі жүргізіп келеді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

29 мамыр, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.