Атырау, 24 қараша 08:49
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Атырау-Астрахань» тас жолының астынан су өткізгіш құбыр салынды

770 просмотра

Қаладан 30 км уақытша салынған айналма жолды Байшақа өзегінен келетін су шайып кетті. Келген суды теңізге қарай кедергісіз өткізіп жіберу үшін бұл жер тағы 2 метрге қазылып, диаметрі 100 см болатын 6 құбыр салынды. Жұмыстар бір тәулікке жалғасып, дереу көлік қозғалысы үшін жол ашылды, деп хабарлайды ТЖ жөніндегі жедел штаб.

- Уақытша жұмыстар кезінде көліктер әлі пайдалануға берілмеген көпір арқылы қатынады. Тас жолға өр суы келген бойда кедергісіз Каспий теңізіне қарай өткізіп жіберу үшін дереу материал алдырып, жұмыстарды бастап кеттік. Бұл арқылы «Атырау-Астрахань» тас жолын нөпір су басу қаупін сейілтеміз,-деді Атырау облысы  «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ басшысының орынбасары Азамат Қабдығалиев.

Су өткізгіш тұрба салу жұмыстарына 20 бірлік техника мен 30 адам жұмылдырылды.

29 мамыр, 11:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.