43 жастағы қала тұрғыны су тасқынының алдын алуға бөгет салу жұмыстарына топырақ әкелетін КамАЗ жүк көлігіне жанар-жағар май сатып алу үшін күдіктіге 100 мың теңге көлемінде ақша аударып, алданған.
Атырау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының Кибер қылмысқа қарсы күрес тобының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы барысында алаяқтық әрекетіне барған 33 жастағы күдіктіні ұстады.Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін толық мойындады, оған қатысты алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА