Атыраулық журналистер бүкіл саналы ғұмырын, соның ішінде, Жайық өзенін зерттеуге арнаған Орыс географиялық қоғамының вице-президенті, академик Александр ЧИБИЛЁВКЕ бірқатар сауал дайындады. «АЖ» тілшісі де ғалымға өз сауалдарын жолдады.
– Александр Александрович, ғылыми ортаның бір бөлігі циклділік теориясын ұстанатынын ескерсек, мұндай ауқымды су тасқыны Жайық пен Каспий теңізіндегі тайыздық кезеңі аяқталғанын немесе аяқталып жатқанын білдіре ме?
– Қазіргі уақытта Жайықтың 2024 жылғы су көлемі туралы қорытынды жасауға әлі ерте. Біз тек Орск және Орынбор қалаларының тұстамасындағы Жайық өзенінде көктемгі су тасқынының қысқа мерзімді, өте ерте және өте жоғары (рекордтық) толқынын ғана айта аламыз. Апатты салдар ең алдымен жоғары температура мен беткі ағынның мол келуіне байланысты тоңданған жерлер тез еріген жағдайдағы антропогендік факторлармен (қоныстану және алқаптың шаруашылық игерілуі, қорғаныс құрылыстарының бұзылуы, апатты жағдайда Иректі су қоймасынан аққан рекордтық су ағымы) байланысты болып отыр.
Еуропаның оңтүстік беткейіндегі өзендердің су ағыны көлемінің циклдік сипаты жойылған жоқ. Жайықта су көлемі көп және тайыз болған жылдар болды және бола береді. Бұл далалық және орманды дала аймақтарының барлық өзендеріне тән белгі. Біз тек алдын ала қорытынды жасай аламыз.
– Су тасқыны ерте ме, кеш пе аяқталады. Болашақта мұндай жағдайға жол бермеу үшін Ресейде де, Қазақстанда да Жайық өзені бассейнінің барлық аумағында жүйелі түрде қандай шаралар алыну қажет?
– Біріншіден, өзенімізді жүйелі зерттеуіміз керек. Соның ішінде әр жылдың жағдайын ескеру қажет. Екіншіден, шаруашылық және селитебті инфрақұрылымды алқаптан кету керек. Үшіншіден, Мәскеуде немесе Алматыда отырған емес, өңірлерге, өзен бассейніне сауатты мамандар қажет. Төртіншіден, су қоймалары болса және алқаптарға құрылыс салына берсе, мұндай апаттар қаупі үнемі болады. Көптеген табиғи және антропогендік факторларды мұқият ескермей, әлдебір күнтізбелерге, белгілерге немесе болжамдарға сүйеніп болжау мүмкін емес.
Дайындаған Лев ГУЗИКОВ