Әлеуметтік желілерде адамның бас сүйегі табылған сәт түсірілген видео таралуда. Су тасқынына қарсы топырақ бөгеттерін салу кезінде белгісіз адамның сүйегі табылды.
«АЖ» адамның бас сүйегі мен қаңқа сүйектері 6 сәуірде Құрманғазы ауданы Кудряшово ауылында табылғанын анықтады.
Бұл туралы Атырау облысының полиция департаменті: «ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 35-бабының 2-тармағының 1-бөлігі негізінде 8 сәуірде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты өндірісті тоқтату туралы шешім шығару жоспарланды» деп хабарлады.
Кімнің сүйегі екені және оның топырақ үйіндісіне қалай түскені мәңгілік жұмбақ болып қала беретін секілді.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА