BAQ.KZ. «Қазақстандық ғалымдар тағы да таң қалдырды» - Қарапайым йод кішігірім жараларды емдеп қана қоймай, әртүрлі психологиялық ауруларды, есірткіге және алкогольге тәуелділерді, шизофрения, С гепатитіне дертіне шалдыққандарды да емдейді екен.
MASA.KZ. «Бірінші де білмейтін былықтар. Школьниктер үптеп жатыр...» - Әншейінде сезе бермейтін, тереңіне үңіле қоймайтын бір заңдылық бар, бізде. Ол – қазаққа қазақтың сенбейтіндігі және иланбайтындығы!.. Бұл дерт қайдан жұқты?..
«Амантай қажы Асылбек: Менің пірім - орыстар. Түсіме орыстар кіреді...» - Қайсібір күні қалта телефоным белгісіз нөмерді көрсетіп безілдеп қоя бергені. Тетігін бастым. «Ассалаумағалайкум, Дәурен інім!» Таныс үн, таныс күркір. Амантай қажы Асылбек! Толықтай айтсақ, Аттан -Қазақстан Амантай қажы Асылбек!
QAMSHY.KZ. «Марқұм Заманбек НҰРҚАДІЛОВ қандай адам болған еді?» - Зәкең «өзін-өзі үш рет ататын…» күні тәңертең ерте маған телефон шалып: -Бүгін күн сенбі, ешқайда шық па, мына сайлауға «бомба» болып жарылатын материал беремін, -деп телефонды қоя салған. Мен кешке дейін орнымнан тапжылмай қоңырауды күттім, хабар болмады.
JASQAZAQ.KZ. «Патриотизм мен «антивирус» - жастар еліктегіш болып келеді, үлгі алуды қалайды. Бірақ әр адамның басында өзінің «антивирусы» болуы керек. Жастар да мұндай «антивирус» бар. Мына адам сондай іс істеді екен деп ешкім көзсіз ілеспейді. Керегін алып, керек емесін тастайды. Мәселе, жастардың сауаттылығына байланысты.
«Гүлмен гүлдену немесе Голландиядағы гүл индустриясы мен қазақтың енжарлығы» - «Бұған таңғалатын не бар? Гүл – Голландияның ұлттық белгісі ғой» – деуі мүмкін оқырман селқос кейіппен. Расында солай. Бірақ осынау нәп-нәзік өсімдік кәрі құрлықтағы алпауыт экономиканың беломыртқасы десек ше? Қызғалдақтың кешегісіне үңілсек. Оның Еуропаға түрік жұртынан барғанын, кезінде пайданың кенішіне айналып, биржаны күйреткенін дәлелдейтін деректі көлденең тартсақ. Біздің базарға гүлдің үшінші, тіпті төртінші елдерден әкелінетінін сөз арасына қыстыра кетсек ше?..
NAMYS.KZ. «Шата бала шатақ бала немесе ұлтсыздандыру саясатының жемісі» - Неге, себебі, некесіз бала тексіз бала, тексіз бала кешіл бала болатыны және ол тегім болмаған жерде елім болмайды деп өсері сөзсіз. Қазақтың қай заманнан бергі салты бойынша ұлы жұрт нағашы жұрты қонақ етер жұрт емес пе? Ендеше некесіз туған күнәсіз сәби өсе келе әкесін және жеті атасын білгісі келеді. Ал оның жоқтығы, мұны керексіз еткен болады да, сол елге деген ашу ыза пайда болмай ма?
«Дәл қазір ҰБТ – ең дұрыс жол!..» - Бұл мақала өткен жылы еліміздегі интернет сайттардың бірінде жарияланған болатын. Алдағы уақытта ҰБТ-нің келе жатқанына байланысты, оқырмандарымызбен (жас түлектер ескерер) арнайы бөлісіп отырмыз.
ALASHAINASY.KZ. «Алашқа керегі – көк тудың желбірегені...» - Жер бетіндегі әрбір адам үшін мемлекеттік тудың желбірегенінен, әнұранының асқақтағанынан, елтаңбасының жарқырағанынан асқан бақыт жоқ. Өкінішке қарай, мемлекеттің ең қасиетті, ең киелі (сакральды), ең қадірлі елдік белгісі мемлекеттік рәміздері екенін жүрегімізбен, бар болмысымызбен сезіне алмай жүрміз. Бағзы заманнан бері Мемлекеттік Туды қорлау, Әнұранды мазақтау мемлекетті құлатумен парапар аса ауыр қылмыс еді, ондай қылмыскерлер жазасыз қалмайтын.
AIKYN.KZ. «Көбік» қашан жарылады?» - Білгір қазақ ертеректе «өлетін бала молаға қарай жүгіреді» деген екен. Нарықтық экономика заңдылықтарынан хабары барлар қазір «инвестор» деген атқа ие болғандардың қалың бір тобы сол «өлетін баланың» қарекетін атқарып жүргенін байқар еді.
ABAI.KZ. «Қайрат Сарин, полковник: «Оны атқан біз. Себебі, ол халық жағына шығып кетті» - "Әр заманның өз сұрқылтайы болады" деген қазақта сөз бар. Әр заманның өз Қодары болады. 19 ғасырдағы Жаяу Мұсаға Шорманның Мұстафасы, Ақан серінің Батырашы болған, 20 ғасырда Шәкәрімге Қарасартов, желтоқсаншыларға Есілбаев Қодар болса, 21 ғасырдың қарасартовтары болып Қайрат Сариндер болып отыр. Бүгінгі қодарлар билік пен байлыққа ие болып отыр, олар қазақ елі тәуелсіздік алған шақта өз халқына қарсы ашықтан ашық мылтық кезеніп оқ атып, сол үшін биліктің биік үйлерінде отыр.
«Серікбол Қондыбай. Әулиелер не дейді?» - Маңғыстаудың 360 әулиесі біздің тақырыбымыздағы «Маңғыстау — қазақ эпосына негіз болған бастапқы орта» деген формуланы баяңцы етер куәгер бола ала ма? Ең қарапайым қисын бойьшша, мейлің 360 әулие болсын, мейлің 100 не 1000 әулие болсын, сол әулиелердің ар жағында бізге беймәлім реалдың түрғаны ақиқат қой. Міне, сол әулиелер елсіз жерлерде тентіреп жүре бермеген шығар, яғни олардың діни үгіт жүргізуі үшін адам ортасының болуы, адамдардың әлдебір санының болуы шарт.
ZHASALASH.KZ. «Президент өзiнiң, бала-шағасының бар байлығын тiзiп көрсетсе...» - Ақмола облысының әкiмi Қосман Айтмұхаметовтiң 2012 жылғы табысы: қолына алған таза жылдық еңбекақысы – 6 738 378 теңге, зейнетақы жинағы – 5 978 410 теңге. Жеке меншiгiнде Астана қаласында орналасқан жер телiмi, «Тойота Лэнд Крузер-200» автокөлiгi бар.
“Саяси киднеппинг”. Жұбайы мен қызы үшiн Мұхтар Әблязов Қазақстанға келе ме?" - Маусымның 1-i күнi Мұхтар Әблязовтiң жары Алма Шалабаева мен оның алты жастағы қызы Алуа Әблязованы “Италияның аумағына заңсыз кiрдi” деген желеумен Қазақстанға депортациялады. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, М.Әблязовтiң жұбайы мен қызы қазiр Алматыда. Олардан ешқайда кетпеу жөнiнде қолхат алынған.
AZATTYQ.ORG. «Екі оқушы күннен қуат алатын пеш жасады» - Орталық Қазақстандағы мектептің бірнеше оқушысы күн сәулесінен қуат алатын пеш ойлап тапты. Оған су қайнатуға да болады.
«Пастор Қашқымбаев жеті жылға сотталуы мүмкін» - Астаналық пастор Бақытжан Қашқымбаев «діни қауымға мүше әйелдің денсаулығына ауыр зардап келтірген» деген айыппен алдын ала екі айға қамалды. Ал «жәбірленуші» өзінің зардап шекпегенін айтады.
QAZAQUNI.KZ. «ТЖ министрінің төтенше қылығы немесе БОЖКОның былығы» - Төтенше жағдайларымызды қамтамасыз етуге тиіс Төтенше жағдайлар министрлігі соңғы уақытта өзі төтенше жағдайларға тап болып, сын садағына жиі ілігіп жүр. «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесі өткен жылдың қорытындысы бойынша, Төтенше жағдайлар министрлігін жемқорлардың қара тізімінде бесінші белестен көрініп, топ бастап тұрғандығын мәлімдеген болатын.