Түркия полициясы үшінші күнге созылған үкіметке қарсы наразылық шерулерінде демонстранттарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданды. Жексенбіде Анкара, Стамбул және басқа да қалаларда болған наразылық шерулеріне ондаған мың адам қатысты.
Стамбул мен Анкарада демонстранттар үкімет үйіне бет алғанда полициямен қақтығысқан. Дәрігерлер Стамбулда 1000-ға тарта, Анкарада 700-ге жуық адам жараланғанын айтады. Бірақ үкімет жараланғандар санын бұдан әлдеқайда аз көрсетеді.
Ішкі істер министрі Муаммар Гюлердің айтуынша, әуелде 1700 адам ұсталған, бірақ кейін оның көпшілігі босатылған.
Шерушілер бастапқыда Стамбулдағы жөндеу жұмыстары кезіндегі ағаштарды жаппай кесуге наразы болған еді. Ал оларға қарсы қолданған полицияның әрекеті Түркияның басқа қалаларындағы наразылықтарға себеп болды.
Демонстранттар мен қарсыластары Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанды "авторитарлы басшыға айналып бара жатыр" деп айыптайды. Бірақ Ердоған жексенбіде мәлімдеме жасап, өзінің "диктатор екенін" жоққа шығарды.
Қазір демонстранттар Стамбулдың орталығындағы Таксим алаңын қайта басып алды. Шерушілер өткен жұмада алғашқы наразылық акциясын осы алаңда бастаған еді.

Дереккөз: azattyq.org
3 маусым 2013, 10:53