Атырау, 19 қараша 16:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

Джанкарло Рую NCOC басқарушы директоры қызметіне кірісті

675 просмотра
Компанияның баспасөз қызметі ұсынған сурет

Джанкарло РУЮ 2021 жылдың маусымынан бері осы лауазымды атқарып келген Оливье ЛАЗАР мырзаның орнына NCOC басқарушы директоры лауазымына ресми түрде кірісті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Джанкарло Рую мырза Қазақстанда және шет елдерде мұнай және газ кен орындарын басқару стратегиясы бойынша мол тәжірибе жинақтады.

Джанкарло Пиза университетін (Италия) құрылыс инженері мамандығы бойынша магистр дәрежесімен бітірген. Өзінің бүкіл мансабында ол ішкі және сыртқы мүдделі тараптармен берік қарым-қатынас орнатуда үлкен тәжірибесі бар сенімді көшбасшы екенін дәлелдеді. Әртүрлі жобаларда Джанкарло барлаудан бастап игеру мен пайдалануға дейінгі толық циклді, соның ішінде бизнесті дамытуды қамтитын өндірістің әртүрлі салаларына жауапты болды.

Ол соңғы қызметі бойынша «Қарашығанақ  Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясының бас директоры лауазымында еңбек етті, оның алдында Абу-Дабиде Eni/ADNOC бірлескен кәсіпорнының құрлық бағдарламасын басқарды, Eni Ghana басқарушы директоры және Қашаған кен орнын игерудің І кезеңінің директоры болды.

4 наурыз, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.