NCOC таяуда компанияның жоғары басшылық тобында өзгеріс болатыны туралы хабарлады.
2024 жылғы наурызда Джанкарло Рую мырза NCOC компаниясының жаңа басшысы ретінде Оливье Лазар мырзадан Басқарушы директор міндеттерін қабылдайды.
Джанкарло Рую мырза Қазақстанда және шет елдерде мұнай және газ кен орындарын басқару стратегиясы бойынша мол тәжірибе жинақтады. Осы қызметке дейін ол өндірістің, кен орындарын барлаудың, игерудің және пайдаланудың, сондай-ақ бизнесті дамытудың толық барысын қамтитын жауапты лауазымдарды атқарған.
Ол соңғы қызметі бойынша «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясының бас директоры лауазымында еңбек етеді, оның алдында Абу-Дабиде Eni/ADNOC бірлескен кәсіпорнының құрлық бағдарламасын басқарды, Ганада Eni басқарушы директоры және Қашаған кен орнын игерудің І кезеңінің директоры болды.