Атырау, 27 қыркүйек 04:23
 ашықВ Атырау +16
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Қазақстандағы жылумен жабдықтау жағдайы: Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

537 просмотра
фото: freepik.com

Энергетика министрлігі Қазақстан өңірлеріндегі жылумен жабдықтау жағдайы бойынша мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Энергетика министрлігі өңірлердегі жылыту кезеңінің өту барысына мониторинг жүргізеді. Бұл мәселе Республика Үкіметінің қатаң бақылауында.

"Соңғы тәулікте кейбір облыстардағы жылумен жабдықтау объектілерінде технологиялық заңбұзушылықтар тіркелді. ЖЭО-дағы заңбұзушылықтарды жою үшін барлық қажетті материалдар, сондай-ақ персонал толық көлемде бар.

Қазіргі таңда Жезқазған жылу электр орталығы мен Кентау жылу электр орталығында резервтік қазандықтар бір күн бұрын іске қосылды. Ал Риддер ЖЭО-да температура бекітілген кестеден төмендеуі тіркелген жоқ", - делінген хабарламада.


20 желтоқсан 2023, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.