Атырау, 23 қараша 19:44
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қашаған іске қосылар алдында NCPOС-тың басшылығы ауысады

1 999 просмотра
АТЫРАУ. 17 мамыр. КазАқпарат - Каспий теңізі шельфіндегі Қашаған кен орнын игеру жобасының операторы болып табылатын North Caspian Productions Operations Company (NCPOС) компаниясында басшы ауысады.

«1 маусымнан бастап мен компанияның басқарушы директоры қызметін босатамын. Мен үшін бұл қызықты әрі тебіреністі 5 жыл болды. Мен Атырау облысында сияқты еш жерде ұзақ уақыт жұмыс істегенім жоқ.Мен жобаның дамуына куә болдым. Жобаны өндірістің басталар алдында тастап кететінім өкінішті», - деді Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовпен кездесу барысында NCPOС-тың басқарушы директоры Ханс Баккер.

Жобаға тоқталған Х. Баккер «Біз талай қиындықтарға тап болдық. Бірақ мен жақын арада олар ұмытылып, Қашағандағы мұнай өндіру сәтті басталатынына үміт артамын», - деді.

Басқарушы директордың лауазымына NCPOС директорының орынбасары Адьян ван Дайк келмек.

Дереккөз: inform.kz

17 мамыр 2013, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.