Атырау, 27 қыркүйек 04:22
 ашықВ Атырау +16
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Ақтөбеде жол апатынан 2 оқушы мен мұғалім көз жұмды

600 просмотра

«Самара – Шымкент» тасжолында болған жол-көлік апатынан екі оқушы мен мұғалім қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform.

Оқиға бүгін, сағат 08:45–те «Самара — Шымкент» трассасының Ырғыз ауданы Қызылжар ауылы маңында болды.

«Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, апат салдарынан 3 адам қаза тапқан. Олар — республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысуға бара жатқан 2і оқушы мен 1 мұғалім. Басқа мәліметтер ақпарат түскен бойда хабарланады», — деді Ақтөбе облыстық Білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

Полиция мән-жайды анықтауға кірісті. 

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам және 16 жастағы екі оқушы оқиға орнында қаза тапты. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мән-жағдай анықталып жатыр», — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Бұған дейін Ырғыз ауданының әкімдігі Toyota Alphard машинасы жүк көлігіне соғылғанын мәлім еткен еді. Такси көлігінде жүргізушіден бөлек, 5 оқушы мен 1 педагог болған.

19 желтоқсан 2023, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.