Атырау, 27 қыркүйек 04:26
 ашықВ Атырау +16
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Алматыда қытай автомобильдері шығарыла бастайды

516 просмотра
Көрнекі сурет

Алдағы екі жылда Алматыда Қытай автомобильдерінің өндірісі іске қосылады. Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады.

Кемінде 220 мың авто өндірісі бар автокластерді қалыптастыру шеңберінде жобалық қуаты 170 мың автомобильге дейінгі 2 жаңа автозауытты іске қосу жоспарлануда. Осы жоба аясында қытайлық Changan, Chery, Haval брендтерінің мультибрендтік зауыты – жылына 90 мың авто және Orbis Manufacturing зауыты – жылына 80 мың авто құрылады.

Алматыда экономиканы сапалы дамыту үшін жыл сайын 10% деңгейінде өсіммен инвестициялар тарту жоспарлануда. 2024 жылы-1,8 трлн теңге, 2025 жылы – 2,1 трлн теңге.

Индустриялық аймақты кеңейту 2025-2026 жылдары 230 млрд теңге сомасына қосымша жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Бұл шаралар Алматы экономикасының 2025 жылы 6,5%-ға дейін өсуін жеделдетуге бағытталған.

19 желтоқсан 2023, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.