Атырау, 27 қыркүйек 04:24
 ашықВ Атырау +16
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Сот Қайрат Сатыбалдыны мерзімінен бұрын босатудан бас тартты

554 просмотра

Шығыс Қазақстан облыстық соты 6 жылға сотталған Қайрат Сатыбалдының мерзімінен бұрын босату жөнінде өтінішін қанағаттандырудан бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Шығыс Қазақстан облыстық сотында Қайрат Сатыбалдының мерзімінен бұрын босату жөніндегі өтініші қаралған. Сот ол өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан. Сот оның ережелерді бұзып, мінез-құлқы тұрақсыз, сол себепті өтініш беріп, ерте босап шығу ерте екенін айтқан.

Былтыр сот үкімімен Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Бұдан бұрын оның қамауда отырып Алматыдағы зәулім қонақ үйді сатып алғаны жөнінде ақпарат тараған. Алайда Антикор бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Сондай-ақ, ол түрмедегі Қайрат Сатыбалды немере ағасы, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Үшқоңыр жайлауындағы резиденцияны сыйға тартқаны белгілі болды.

Мамыр айында Сатыбалды сыбайластарымен сыртқа шығарған 464 млрд теңге елге қайтарылғаны хабарланған.

19 желтоқсан 2023, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.