Атырау, 18 желтоқсан 20:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Джохар Царнаевтың "хат жасырғаны" хабарланды». ««АҚШ-тың кіші Бакиев жайлы шешімі Бішкекке ұнамады». Салтанат БАЙҚОШҚАРОВА: «ЭКО жылына 2 мыңнан аса әйелдің бағын ашады».

2 236 просмотра

ZHEBE.COM. Салтанат БАЙҚОШҚАРОВА: «ЭКО жылына 2 мыңнан аса әйелдің бағын ашады» - Ресми статистика бойынша елімізде жылына 160 мың жас отбасы құрылса, соның 20 мыңы бала сүю бақытына қол жеткізе алмауда. Соған орай ЭКО бағдарламасын өткізуге мемлекеттен квота бөлінуде. Осыдан 3 жыл бұрын квота әр облыстан барлығы 100 әйелге берілсе, биыл ол 700 квотаға арттырылды. Тағы бір жаңалық – ЭКО-мен бала көтеруге ниетті әйелдер жасы бұрынғыдай 35 жас пен шектелмейтін болған.

ABAI.KZ. «ҚОЖАҒАПАНОВ ДЕГЕН «ҚОЖАЙЫН» Қозы мен Баянның аруағы жатқан жерді неге қозғады?» - Қазақ қоғамында әкенің алатын әлеуметтік орнына ерекше басымдылық беріледі. Әкені сыйлау, құрметтеу - отбасы этикасының императивті әлеуметтік нормаларына жатады. Адам өз әкесін жақсы көреді. Тоқтархан да адам. Ол да әкесін жақсы көруі керек. Бірақ ол адам ретінде тіпті табиғи мақұлық ретінде, ақыл негізінде бекітілген Заңдарға бағынуы тиіс. Тоқтархан өзіне тек мақсатқа жетудің құралы деп қарайтын болса, жалпы адамзаттық этиканың ережесіне сәйкеспей, күнәға батары анық.

ALASHAINASY.KZ. «Қазақстанды халифатқа айналдырғысы келетіндердің ісін қарау басталды» - Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты кеше «террористік актілерді жүзеге асырмақ болды» деп айып тағылған күдіктілердің ісін қарауға кірісті. Алты адамнан тұратын топқа тағылған басты айып: қоғамға қауіп төндіріп, халықтың үрейін алу мақсатында жарылғыш заттар мен қару қолдана отырып жарылыстар әзірлеп, басқа да әрекеттерді жоспарлау. Күдіктілер террорлық топтарға қатысып, дүркін-дүркін лаңкестік әрекеттерді жүзеге асыру арқылы Қазақстанды халифатқа айналдыруды да көксегенге ұқсайды.

AIKYN.KZ. «Айсұлтан мен Әлима... бірін-бірі тани ма» - Соңғы күндері бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтанның үйленетіндігі туралы жарыса жазуда. Тіпті Елбасы немересінің қалыңдығына сырға салуға өзі барыпты. Қалай десек те жағымды жаңалық ортақтасуға, сүйінші сұрауға лайықты...

«Қырғыздар мазасызданып жатыр» - Сәрсенбі күні қырғыз парламенті Владимир Жириновскийді нон грат деп жариялады. Бұл шешім бойынша енді Жириновский қырғыз жеріне мүлде аяқ баса алмайды. Осыған байланысты қырғыз парламенті арнайы қаулы қабылдағанын Жоғарғу Кеңештің баспасөз қызметі растап отыр.

ZHASALASH.KZ. «Бейбiтшiлiк пен келiсiм сарайын жармақ болыпты» - Лаңкестiк әрекеттi жасауға ниеттенген тағы бiр топтың соты басталды. Бұған дейiн осындай айыппен Атырауда бiрнеше сот процесi өткен болатын. Бұл жолғы сот Астанада өтiп жатыр. Сотқа тартылғандар жаңа опера және балет театрының ашылу салтанатында жарылыс ұйымдастырып, жоғары лауазымды тұлғалар­ға қастандық жасамақ болды деп айыпталуда. Прокуратура лаңкестер Қазақстанда халифат орнатпақ болды дейдi.

EGEMEN.KZ. «Жат жерде жүрген жырынды жұртының абыройын төгіп бітті» - Қазақ шектен шыққан шетін қу, қулығына құрық бойламайтын айлакер, талайдың табанын тоздырған адамды «жырынды» деп атайды. Әдетте, жырындылар біреудің үстінен, әлдекімнің есебінен күн көреді. Сондықтан ондай­лардың айналасындағы адамдарға зиян­нан басқа көрсетері болмайды. Осы тұр­ғыдан келгенде, бүгінде өз еркімен елден қашқан қашқын атанып жүрген бұ­рынғы банкир Мұхтар Әбіләзовтің нағыз жырынды екендігінде ешбір күмән жоқ.

«Аралдағы елге де араласы бар» - Ерлі-зайыпты Храпуновтардың Кипр банктерінен қаржысы табылды. Бірқатар шетелдік БАҚ-тар­дың мәлімдеулерінше, Алматы қа­ласының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов пен оның зайыбы Лейла Храпунованың Кипр банктерінде сақ­таулы тұрған ақшаларының де­­ректері табылған. Бұл қаржы­лар­­ды олардың «әлдеқандай күн туа қалған жағдай үшін» апарып жа­­сырып қойғандарын «Номад» жазды.

AZATTYQ.ORG. «АҚШ-тың кіші Бакиев жайлы шешімі Бішкекке ұнамады» - Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің ұлы, Орталық даму, инновация және инвестициялар агенттігінің бұрынғы төрағасы, 2010 жылғы сәуір оқиғасынан кейін елінен қашқан Максим Бакиевті Қырғызстан қайтарып алу үшін 3 жыл әрекет етті. Ресми Бішкектің көңілінен шықпаған бұл шешімді АҚШ билігінің қабылдауына не түрткі болды?

«Үкімет қолдайтын спорт түрлері» - «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев 2013 жылы мемлекет қаржыландыратын спорт түрлерін атады. Кейбір спортшылар мен сарапшылар мұндай іріктеу тәсілімен келіспейді.

«Джохар Царнаевтың "хат жасырғаны" хабарланды» - Америкалық ақпарат құралдары Бостонда жарылыс жасады деген күдікті Джохар Царнаев өзі жасырынған қайыққа жарылыс туралы үндеу жазып кеткенін хабарлады. Журналистердің дерегі бойынша, Джохар Царнаев қайық керегесіне Бостондағы шабуыл "АҚШ-тың мұсылман елдерінде жүргізіп жатқан соғысына кек алу үшін жасалғанын" жазған.

17 мамыр 2013, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.