Атырау, 27 қыркүйек 06:29
 ашықВ Атырау +16
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Рудныйда қоқыс контейнерінен жаңа туған сәби өлі табылды

646 просмотра

Рудныйда қоқыс контейнерінен жаңа туған нәресте өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Костанайские новости"-ге сілтеме жасап.

17 желтоқсанда сағат 12:00 шамасында Рудныйда Корчагин көшесіндегі үйлердің бірінің маңындағы қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды. Ол полиэтилен пакетке оралған.

"Аталған факті бойынша Рудный полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 100-бабы "Жаңа туған баланы анасының өлтіруі" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады", - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.

Полицейлер баланың анасын және жаңа туған нәрестенің денесін қоқыс жәшігіне тастаған болуы мүмкін адамдарды іздестіріп жатыр.

"Осы қылмыстың куәгері болсаңыз, полицияға 102, 52-60-22, 52-59-25 телефондарына хабарласыңыз. Болмашы ақпараттың өзі тергеуге көмектеседі", - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.

18 желтоқсан 2023, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.