Атырау, 27 қыркүйек 06:21
 ашықВ Атырау +16
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Үкімет: жыл қорытындысы бойынша 1,6 трлн теңгеге 291 жоба пайдалануға беріледі

388 просмотра
Фото:freepik.com

Үкімет Қазақстанның 2023 жылғы даму қорытындылары туралы материалдар топтамасын жариялауды бастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жыл да аяқталуға жақын, яғни осы кезеңнің қорытындысын шығарып, тарих беттерінде қатталып қалатын нақты нәтижелерге тоқталып өтуге болады.

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасында және Қазақстан халқына Жолдауларында белгіленген ауқымды реформаларды іске асыру жалғасын тапты.

Ел экономикасы сыртқы жағдайларға сәтті бейімделіп, биыл орнықты өсу траекториясына шықты. 

Қаңтар-қараша айларының қорытындысына сәйкес экономиканың өсуі 4,9%-ды құраса, өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 2,7%-ды құраған. 

Жалпы республика бойынша жан басына шаққандағы ЖІӨ $11,5 мыңнан $13,3 мыңға дейін өсті.

Жылдық мәндегі инфляция қарашада 2022 жылғы желтоқсандағы 20,3%-дан 10,3%-ға дейін төмендеді.

6 айдың қорытындысына сәйкес $13,3 млрд тікелей шетелдік инвестиция тартылды. 

Жыл қорытындысы бойынша ТШИ шамамен $27 млрд деңгейіне жеткізу жоспарланған.

Экономиканың барлық салаларында жалпы құны 967,7 млрд теңгені құрайтын 210 жаңа инвестициялық жоба іске қосылды. 

Жалпы жыл қорытындысы бойынша 1,6 трлн теңгеге 291 жоба пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Машина жасау өндірісі 26,8%-рекордтық қарқынмен өсті. 

Биыл Қазақстан $65 млрд-тың өнімін экспорттады, сонымен бірге өңделген тауарлардың экспорты $21 млрд-қа жетті.

«Қарапайым заттар экономикасы» кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша шарттар жетілдірілді.

10 мың артық бизнес талаптары алынып тасталды.

Кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету (субсидиялау және кепілдік беру) жыл сайын артып келеді. 

Атап айтқанда, бұл мақсаттарға «Бәйтерек» холдингі желісі арқылы 2,3 трлн теңге бөлінді. 

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау 209 млрд теңгеден 288 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

18 желтоқсан 2023, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.