Атырау, 24 қараша 23:14
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда үй-күйсіз қалған жандарға арналған орталық ашылды

Сурет
992 просмотра

Жаңадан салынған үш қабатты орталық Лесхоз ықшамауданында баспанасыз жүргендерді қабылдайды. Ғимаратта тұрушыларға барлық жағдай жасалған: лифт, душ, демалыс бөлмесі, жиһаздалған бөлмелер.

Бұған дейін баспанасыздарға арналған орталық 1977 жылы салынған бір қабатты ғимаратта орналасқан болатын. 2010 жылы ғимарат қауіпті деп танылып, былтыр бұзылды.

Жаңа орталық 70 орынға есептелген. Бірінші қабатта адамдар түнейтін бөлмелер бар. Орталық қызметкерлері оларды төсек-орын жиынтығымен, қажет болған жағдайда таза киім-кешекпен қамтамасыз етеді. Олар жуынып-шайына да алады.

Екінші қабатта баспанасыз қалған адамдар тұрады. Бұлар мүгедектер мен зейнеткерлер. Кейін олар қарттар үйіне жіберіледі. Орталық тұрғындарға құжаттар мен басқа да әлеуметтік қызметтерді алуға көмектеседі.

– Орталықта тұратындардың арасында бұрын сотталғандар, мүгедектер, бұрын ішімдікке салынған зейнеткерлік жастағы адамдар бар. Заң бойынша олар орталықта бір жыл қала алады. Оларға құқықтық, психологиялық және медициналық көмек көрсетеміз. Барлық тұрғын үш мезгіл тамақпен және гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіледі, - дейді өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығының директоры Мереке ЖАҢБЫРБАЕВ.

Бүгінде орталықта 19 адам бар. Оның бесеуі зейнеткер, төртеуі әртүрлі топтағы мүгедектер, екеуі құжатсыз. 8 тұрғынға жеке куәліктерін қалпына келтіруге көмек көрсетілді. Тек түнеуге келетін орталықтың уақытша 12 тұрғыны бар.

Нұрбейбіт НҰҒМАНОВ

Суреттерді түсірген автор

17 желтоқсан 2023, 21:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.