Атырау, 27 қыркүйек 06:26
 ашықВ Атырау +16
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Қазақстандағы бизнес: шетелдіктердің қатысы бар компаниялар саны артып келеді

594 просмотра

Қазақстанда Қытай мен Ресей инвесторларының қолдауымен жұмыс істейтін компаниялардың үлесі артқан, деп хабарлайды LS сайты.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жыл басынан бері елімізде шетелдіктердің қатысы бар компаниялар саны 18,7 пайызға артқан.

«Егер 1 қаңтарда 36,6 мың шетелдік ұйым болса, осы айдың басында олардың саны 43,4 мыңға жеткен. Оның ішінде шағын кәсіпорындар 42,8 мыңды құрап, 19%-ға артқан. Керісінше, орта (-2,1%) және ірі (-0,4%) кәсіпорындар саны кемігенін байқауға болады», -делінген хабарламада.

Шетелдік кәсіпорындардың басым үлесі ресейлік компанияларға тиесілі. Яғни, 19,4 мың кәсіпорын тіркелген.

Жыл басынан бері өсім - 24%. Түрік кәсіпорындары – 3,8 мың (+4,7%), өзбек – 3 мың (+38,5%), қытайлық инвесторлардың үлесі – 2,4 мың (+36%), қырғыз – 2,3 мың (-2,1%), украиндар – 1 мың (+11,3%) , неміс – 766 (+8,2%).

Оның ішінде сауда, автокөлік саласында 15,5 мың (+17,2%), құрылыста – 3,7 мың (+5,1%), ақпарат және байланыс саласында – 3,4 мың (+36,9) шетелдік компаниялар жұмыс істеп отыр.

15 желтоқсан 2023, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.