Атырау, 27 қыркүйек 06:27
 ашықВ Атырау +16
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Қожамжаровтың қарамағында жұмыс істеген шенеуніктер «Қорғас ісі» бойынша тергеуге ілінді – Бас прокуратура

464 просмотра
Сурет: КазТАГ / ©Амир Касенов

Бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың қарамағында жұмыс істеген шенеуніктер «Қорғас ісі» бойынша тергеліп жатыр. Бұл туралы Бас прокуратура өкілі хабарлады, деп жазады kursiv.media.

«Бас прокуратура ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі арнайы департаментінің бұрынғы басшысы Мәдиев Ұ. (Ұлан – ред.) және өзге азаматтарды қылмыстық тергеуге алды», – делінген ресми жауапта.

Бұған қоса, прокуратура Мәдиевтің 2023 жылы 9 желтоқсанда Алматы қаласы мамандандырылған сотының шешімімен қамауға алынғанын атап өтті.

Айта кетейік, тергеуге алынған Ұлан Мәдиев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде экс-прокурор Қайрат Қожамжаровтың қол астында жұмыс істеген.

Астанадағы Республикалық бас мешітте Болат Назарбаевтың рухына бағышталған астан кейін Қайрат Қожамжаров журналистердің «Қорғас ісіне» қатысты сұрақтарына жауап беруден бас тартқан.

15 желтоқсан 2023, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.