Атырау, 27 қыркүйек 06:28
 ашықВ Атырау +16
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Жамбыл облысында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ жарияланды

321 просмотра

Жамбыл облысында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ жарияланып, республикалық маңызы бар автожолдар жабылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Ауа-райының күрт нашарлауына (температураның төмендеуі, қарлы боран, көрудің нашарлығы) байланысты  12 желтоқсан бастап республикалық маңызы бар «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автобанының «Тараз-Алматы» бағыты бойынша және облыстық маңызы бар бірқатар жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылды.

Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасымен ағымдағы жылдың 13 желтоқсанынан бастап өңірлік жедел штаб құрылып, жұмыстар жүргізуде.

Құтқару жұмыстарына 117 арнайы техника, 103 адам (ТЖД, әскери қызметшілер) жұмылдырылды.

14 желтоқсан күні сағат 23.00-дегі жағдай бойынша құтқару бөлімшелерімен 1279 адам құтқарылып, эвакуацияланды.  Олар Қордай ауданындағы 6 жылыту пунктіне орналастырылды (Қайнар-1, Алға-1,Қордай-3, Кенен-1).

Әлі де қар құрсауында қалып отырған көліктердің саны нақтылануда.

Қатты жел мен қардың салдарынан Шу ауданында электр желілері үзіліп, тірек тіректері құлады.

Төтенше жағдай салдарынан «Шу Отар» учаскесінде  11 жолаушылар пойызы тоқтап тұр, олардың әрқайсысында орташа есеппен 500-700 адамнан бар. 12 жүк пойызы өз уақытынан кешігуде.

«Қазақстан Теміржолы» компаниясының мәліметінше, қазіргі уақытта станцияға келу уақытына сәйкес келесі жолаушылар пойыздары кешігеді: 

— № 72 Шымкент-Нұр-Сұлтан 06.00 сағатқа;
— № 3 Алматы-Нұр-Сұлтан 10 сағат 30 минутқа;
— № 27 Алматы-Орал 9 сағатқа;
— № 9 Алматы-Нұр-Сұлтан-1 11.00 сағатқа;
— № 86 Шымкент-Нұр-Сұлтан-1 06.00 сағатқа;
— № 1 Алматы-Ташкент 14 сағат 40 минутқа;
— № 11 Алматы-Шымкент 8 сағат 30 минутқа;
— № 22 Қызылорда-Семей 08.00 сағатқа;
— № 21 Семей-Қызылорда 08 сағат 20 минутқа;
— № 43 Алматы-Қостанай 08.00 сағатқа;
— № 77 Алматы-Маңғыстау 02 сағат 30 минутқа;
— № 29 Алматы-Атырау 07 сағат 20 минутқа;
— № 7 Алматы — Саратов 04 сағат 30 минутқа;
— № 45 Павлодар-Түркістан 03 сағат 40 минутқа;
— № 75 Петропавл-Қызылорда 03 сағат 20 минутқа.
— № 33 Алматы-Ақтөбе 06 сағат 30 минутқа;
— № 506 Жезқазған-Алматы 5 сағат 13 минутқа;
— № 509 Алматы-Орал 06 сағат 37 минутқа;
— № 511 Алматы-Атырау 02.00 сағатқа;
— № 52 Орал-Алматы 12 сағат 36 минутқа;
— № 42 Атырау-Алматы 10 сағат 49 минутқа.

«Биылғы 15 желтоқсанында № 51/52 Алматы 2-Орал және № 41/42 Алматы 2-Атырау бағыты бойынша жолға шығатын пойыздардың кестесі өзгертілді. Тальго № 41/42 Алматы 2-Атырау және кері бағытта пойыз билеттерін сатып алған жолаушылар № 511/512 Алматы 2-Атырау стандартты пойызымен, ал № 51/52 Алматы 2-Орал бағыты бойынша және кері бағытта Тальго пойызына билеттерді сатып алған жолаушылар № 509/510 Алматы 2 — Орал стандартты пойызымен жүреді», — деп ескертті компаниядан.

Облыстың 4 ауданының 32 елді мекенінде 8 882 абонент электр қуатынан ажыратылған.

Қазіргі кезде желдің жылдамдығы секундына 45 метрге дейін жетуде.

Алдағы күндері «Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес 30 м/с қатты жел ұйытқуы сақталады.

Тұрғындарды тек ресми ақпараттарға сүйенуге, сабырлылық танытуға шақырамыз.

Қалыптасқан жағдайға байланысты облыс бойынша қауырт желі нөмірлері іске қосылды:

8 7262 513575, 51 41 67

15 желтоқсан 2023, 08:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.