Атырау, 27 қыркүйек 09:13
 ашықВ Атырау +20
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

10 мыңға жуық адам банкрот деп танылды - Қаржы вице-министрі

488 просмотра
фото: freepik.com

Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов азаматтардың банкроттық ахуалы жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Соңғы мәліметтер бойынша 80 мыңнан астам адамның өтініші қаралып, қазір 10 мыңға жуық адам банкрот деп танылып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстарды наурыз айында бастағанымызды ескерсек, содан бері алты ай уақыт құжаттарды тексеру рәсімдеріне арналды. Осы ретте, екі рет мониторинг жасалды. Сондықтан алғашқы банкрот мәртебесін алғандар қыркүйек айынан басталды», - деді Біржанов.

Оның айтуынша, қыркүйектен бері 10 мыңға жуық адам банкрот ретінде танылды.

«Тиісті өзгерістерді заң жобасы аясында Мәжіліс депутаттары қарастырып жатыр. Келесі жылдың басында заңнамаға өзгерістер енгізіліп, мүмкіндіктер кеңейтіледі», - деді Ержан Біржанов.

13 желтоқсан 2023, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.