Атырау, 27 қыркүйек 09:10
 ашықВ Атырау +20
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

"Транстелеком" АҚ басқарма төрағасы болып Сүйеніш Әбділдин тағайындалды

660 просмотра

8 желтоқсан күні Сүйеніш Әбділдин директорлар кеңесінің шешімімен басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

Сүйеніш Әбділдин 1990 жылы дүниеге келген. 2014 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетін "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, 2014 жылы Бирмингем университетін (Ұлыбритания) тәмамдап, информатика магистрі дәрежесін алды.

2011 жылы Сүйеніш Әбділдин "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның жетекші маманы болып қызмет атқарған. Ал 2012-2013 жылдары "EPAM Kazakhstan" ЖШС-де бизнес-аналитик болып жұмыс істеді. Бұдан бөлек, 2014-2018 жылдары "Қазпошта" АҚ-ның қызметкері болды.

Сонымен қатар, 2019-2020 жылдары Сүйеніш Әбділдин "Toolpar" ЖШС басқарушы серіктесі/бас директоры, сондай-ақ, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

Одан кейін, 2022 жылдың сәуір айына дейін "Азаматтарға арналған үкімет" басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

13 желтоқсан 2023, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.