Атырау, 27 қыркүйек 09:16
 ашықВ Атырау +20
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Алматыда 12 миллион теңге пара алмақ болған бөлім басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

505 просмотра

Алматы білім басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Қала прокуратурасы жетім балалар мен оқушыларға арналған лагерьді ұйымдастыру бойынша жеткізуші компанияны конкурстың жеңімпазы деп танығаны үшін бөлім басшысының 12 млн теңге көлемінде пара алуға әрекеттену фактісі бойынша қылмыстық істі сотқа жіберді.

"Сондай-ақ қала прокуратурасының нұсқауы бойынша лауазымды тұлғаларды заңда белгіленген жауаптылыққа тарту үшін Алматы қаласының әкімдігіне қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді", - делінген ведомство хабарламасында

Айта кетейік, Конституцияның 77-бабы және Қылмыстық процестік кодекстiң 19-бабына сәйкес әрбiр адам оның қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәсi заңды күшiне енген сот үкiмiмен анықталғанға дейiн кiнәсiз деп есептеледi.

13 желтоқсан 2023, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.