Атырау, 27 қыркүйек 09:13
 ашықВ Атырау +20
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Қазақстан қалаларындағы коммуналдық ТЖ: Смайлов тапсырма берді

490 просмотра
Фото:t.me/KZgovernment

Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс ЖЭО мен жылу желілеріндегі штаттан тыс жағдайлардың салдарын жою және олардың орын алу мәселелері қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қысқы жылыту маусымының өтуі әрбір облыс әкімінің жеке бақылауында болуы керек, деді Үкімет отырысында министрлер кабинетінің басшысы.

"Үкімет басшысы өңір әкімдіктеріне жылу объектілерінің иелерімен бірге тұрақты жұмыс істейтін жөндеу бригадаларының болуын, шұғыл жөндеу жұмыстары қажет болған жағдайда қосалқы бөлшектердің әзір тұруын қамтамасыз етуді тапсырды.

Оған қоса Әлихан Смайылов "Қазақстан темір жолы" және "ҚазМұнайГаз" ұлттық компанияларынан бірінші кезекте жылу станциялары мен қазандықтарға отынның уақытылы жеткізілуін қамтамасыз етуді талап етті", - делінген хабарламада.


12 желтоқсан 2023, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.