Атырау, 27 қыркүйек 09:17
 ашықВ Атырау +20
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Көлік министрлігінде теміржол саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы құрылды

468 просмотра

Аталған жұмыс тобының көздеген негізгі мақсаты – заңнамалық реттеу және теміржол қызметтері нарығындағы субъектілердің өзара іс-қимыл технологиясын жетілдіру.

Осылайша теміржол саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру мақсатында биыл Көлік министрлігінің теміржол инфрақұрылымы мен жүк тасымалдау процесін реттейтін 9 бұйрығына түзетулер енгізілді.

Сондай-ақ Үкімет Аппаратының отандық кәсіпкерлер кеңесінің мәселелері жөніндегі хаттамалық тапсырмаларын орындау мақсатында халықаралық (транзитті қоспағанда) және республика ішіндегі қатынастарда ел аумағында теміржол көлігімен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушы мен экспедитор арасындағы үлгілік келісімшарт қайта қаралып, тиісті өзгерістер енгізілді.

Бұл түзетулер жобасы транзиттік тасымалдардың қайталанатын нормаларын жойып, елдегі бизнес-ахуалды жақсарту үшін оларды ұлттық заңнамаға сәйкес келтіруді көздейді.

Қазіргі таңда Көлік министрлігі Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп, транзиттік қатынаста жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушы мен экспедитор арасындағы үлгілік келісімшартына енгізілген ұсыныстарды мақұлдады. Бұйрықтың тиісті жобасы мемлекеттік органға келісуге жіберілді.

12 желтоқсан 2023, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.