Атырау, 27 қыркүйек 09:15
 ашықВ Атырау +20
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Алматыда екі капитан 14 жасар қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынды

572 просмотра

Алматыда полицейлер 14 жастағы қызды зорлаған. Бұл ақпаратты журналистерге ішкі істер министрі Ержан Сәденов растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Алматыда екі полиция капитаны 14 жастағы жасөспірім қызды зорлаған, бұл деректі растай аласыз ба? Егер бұл рас болса, күдіктілер ұсталды ма?" – деп сұрады журналистер Мәжіліс кулуарында.

"Өкінішке қарай, бұл дерек болған. Қазір олар бұрынғы қызметкерлер, бұл қылмысты жасаған. Дереу тәртіптік комиссия құрылды, бұл адамдар теріс себептермен жұмыстан босатылды. Қылмыстық іс аясында олар қамауға алынды", - деп жауап берді Ержан Сәденов.

Министр тергеу әлі жалғасып жатқанын айтты. "Қылмыс кезінде полицейлер құқық қорғау органдарының қызметкерлері болды ма?" деген сұраққа Ішкі істер министрлігінің басшысы оң жауап берді.

"Иә, мен растаймын", - деді министр.

Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-бөлігі "Зорлау" бойынша 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

11 желтоқсан 2023, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.