Атырау, 8 қыркүйек 04:54
 ашықВ Атырау +21
$ 480.55
€ 533.75
₽ 5.36

ProTenge редакциясы әлеуметтік желідегі парақшасына шабуыл жасалғанын мәлімдеді

389 просмотра

Бюджет шығысын зерттеумен айналысатын ProTenge редакциясы әлеуметтік желідегі парақшасына шабуыл жасалғанын мәлімдеді, деп жазады Азаттық радиосы. 

Журналист, ProTenge жобасының негізін қалаушы Жәмила Маричеваның айтуынша, 8 желтоқсанда редакцияның Instagram-дағы парақшасына бірнеше рет шабуыл жасалып, кейін шектеу қойылған.

Редакция қазір парақша қызметін қайта қалпына келтіруге тырысып жатқанын жазды. Журналистер шабуылға кім бастамашы болғанын анықтамақ.

"Кейінгі айда бізде жарияланған бірқатар жазбаға бірнеше рет ықпал етпек болды. Алайда біз оларды өшірмейміз, жіберілген сауалдарды қайтарып алмаймыз. Шамасы арнаға жасалған шабуыл — "диалогтан" бас тартқан реакциясы. Ыңғайсыз журналистиканы "өшіруге" тырысатын ескі жұмыс схемасы" делінген редакция мәлімдемесінде.

11 желтоқсан 2023, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.