Атырау, 8 қыркүйек 05:18
 ашықВ Атырау +21
$ 480.55
€ 533.75
₽ 5.36

Ақтөбеде хостелдер жартылай босап қалған

466 просмотра
Көрнекі сурет

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қаладағы жатақханалар мен хостелдерге рейд жүргізді, деп жазады Zakon.kz.

Ақтөбедегі хостелдерге баратын адам азайып кеткен. Бірақ бұның Алматыдағы оқиғамен еш байланысы жоқ, - дейді кәсіпкерлер.

Өйткені жазда адамға лық толы болатын нысандар қыста жартылай босап қалады екен. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қаладағы жатақханалар мен хостелдерге рейд жүргізді.

Әсіресе, теміржол вокзалы маңындағы нысандарға ерекше мән берілді. Себебі, мұнда көбіне сырттан келетін қонақтар аялдайтындықтан, ұрлық-қарлық жиі болады. Келушілер мен кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері түсіндіріледі.

"Кемшіліктер анықталады өрт сөндіргіштердің жеткіліксіздігі, эвакуациялық жолдарды жауып тастауы, эвакуациялық жоспарлар бар ғой, объектен шығатын, солардың дұрыс болмауы. Нұсқама береміз объект басшысына, ол сосын ары қарай өзі орындайды." - дейді Аслан Арзымбетов, Алматы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы

11 желтоқсан 2023, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.