Атырау, 8 қыркүйек 04:49
 ашықВ Атырау +21
$ 480.55
€ 533.75
₽ 5.36

​Оралда жеке кәсіпкер 600 млн теңгеден астам салықтан жалтаруға тырысқан

583 просмотра

Орал қаласының жеке кәсіпкерлерінің бірінің салық төлеуден жалтару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ҚМА БҚО бойынша департаменті аяқтады, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Тергеу анықтағандай, 2019-2020 жылдары құрылыспен айналысатын жеке кәсіпкер көрінеу бұрмаланған мәліметтерді салық декларациясына негізсіз енгізіп, қызметтерді сатып алу сомасын асыра көтеріп, осылайша 605 млн теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарған, өсімпұлды ескере отырып, өндіріп алуға жататын сома 752 млн теңгені құрайды.

Сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды, себебі кәсіпкер өзінің кінәсін мойындап, салықтар бойынша берешекті өз еркімен төледі.

Мұндай қылмыстық жауаптылықтан босату қылмыстық кодекстің ескертпесінде көзделген.

11 желтоқсан 2023, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.