Атырау, 27 қыркүйек 09:13
 ашықВ Атырау +20
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

​Вице-министр Нұрмағамбетовтың қызметінен кетуіне қатысты Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

400 просмотра
Сурет: primeminister.kz

Энергетика министрлігі өкілдері вице-министр Жандос Нұрмағанбетов "ведомство басшылығымен арадағы жанжалға байланысты жұмыстан шығып жатыр" деген қауесетке пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Нұрмағамбетов электр энергетикасы, ЖЭО, ЖЭК салаларына жетекшілік еткені белгілі.

"Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов 16 қарашадан 15 желтоқсанға дейін еңбек демалысында, кейін басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан босатылады. Желіде таралған вице-министр мен ведомство басшылығы арасындағы жанжал туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, Жандос Нұрмағанбетов 2003-2005 жылы "Каруглесбыт" ЖШС директорының орынбасары, директоры; 2005-2006 жылы "Карагандинская региональная энергетическая компания" ЖШС директоры; 2008-2010 жылы "Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы" АҚ бас директоры; 2011-2013 жылы "Қызылорда" ӘКК" АҚ басқарма төрағасы; 2013-2020 жылы "Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы есеп айырысу орталығы" ЖШС бас директоры; 2020-2021 жылы "KEGOC" АҚ Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директоры қызметтерін атқарған.

11 желтоқсан 2023, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.