Атырау, 27 қыркүйек 12:22
 ашықВ Атырау +14
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Ақтөбеде бейімдеу орталығынан қашып кеткен үш қыз пәтерден табылды

662 просмотра
Ақтөбе ПД

Ақтөбеде жергілікті бейімдеу орталығынан қашып кеткен үш қыз табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Ақтөбеде үш жасөспірім қыз іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше сағат 23:00 шамасында "Аяла" өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиешесі хабар берген. 2006 жылы туған үш қызды полиция мен еріктілер іздеді.

Іздеу шаралары барысында үш қыз пәтерден табылды. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған қыздар Ақтөбе полиция бөлімшесінде.


10 желтоқсан 2023, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.