Атырау, 8 қыркүйек 04:29
 ашықВ Атырау +21
$ 480.55
€ 533.75
₽ 5.36

Антикор ШҚО экология департаментінің басшысы мен оның орынбасарына қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр

790 просмотра

Жемқорлыққа қарсы күрескерлер бүгін таңертең "АЖ"-да жарияланған ақпаратты растады.

Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен өзара іс-қимыл негізінде өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша облыстың экология департаментінің басшысы Данияр ӘЛИЕВТІ әшкереледі.

Ол қатты пайдалы қазбаларды барлау кезінде қоршаған ортаға эмиссиялауға рұқсат еткені және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектілерінен бірнеше рет пара алу бойынша күдікті.

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Бұл ретте оның орынбасары Рауан ТҰРАРОВ та ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 4-бөлігі (Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормаларын бұзу) бойынша облыстағы кәсіпорындардың бірін әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді.

Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Түрлі іс, түрлі пара...

8 желтоқсан 2023, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.