Атырау, 15 қаңтар 12:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

Тимур Құлыбаев KAZENERGY қауымдастығының төрағасы қызметінен кетті

924 рет қаралды

Тимур Құлыбаев KAZENERGY қауымдастығының төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды қауымдастықтың баспасөз қызметі.

«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы болып Мағзұм Мырзағалиев сайланды.

Бұл шешім 8 қарашада Алматы қаласында өткен «KAZENERGY» Кеңесінің отырысында қабылданды.
«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы мұнай-газ саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында 2005 жылдың 2 қарашасында құрылды.

Бүгінде қауымдастық мұнай-газ, электр энергетикасы және атом өнеркәсібі салаларындағы компанияларды біріктіреді. Қауымдастықтың мақсаты – әлемде және елімізде энергетикалық және экологиялық саясаттағы өзгермелі басымдықтар жағдайында ҚР энергетика саласының (мұнай-газ және электр энергетикасы) тұрақты және теңгерімді дамуына жәрдемдесу.

Қауымдастық төрағасының лауазымы қоғамдық жұмыс болып есептеледі, оған жалақы төлеу қарастырылмаған.

8 желтоқсан 2023, 13:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.