Атырау, 21 желтоқсан 11:53
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

БҚО-да 6 бүлдіршін жұқпалы ауруға шалдығып, балабақша карантинге жабылды

859 рет қаралды

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауылында балабақшадағы 6 бүлдіршіннің скарлатина дертіне шалдыққаны белгілі болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Осыған байланысты Тасқала ауданы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен аталған балабақша карантинге жабылды», - деп мәлімдейді БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Қазіргі кезде ауру ошағында эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, скарлатинаға шалдыққан балалардың біреуінің жағдайы ауыр.

Үшеуінің жай-күйі орташа.

Өкінішке қарай, бір қыз бала көз жұмды.

«Қыз бала өлімінің нақты себебі паталогоанатомиялық зерттеу қорытындысынан кейін белгілі болады», - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасынан.

8 желтоқсан 2023, 01:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.