Атырау, 27 қыркүйек 12:32
 ашықВ Атырау +14
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Шығыс Қазақстанда ер адамнан 5 келіден астам марихуана тәркіленді

552 просмотра
Фото: Polisia.kz

ШҚО тұрғынынан 5 келіден астам марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында ШҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері есірткі заттарымен заңсыз жұмыс жасады деген күдікпен Глубокое ауданының 36 жастағы тұрғынын анықтады.

Ер адамның тұрғылықты жері бойынша дереу тінту жүргізу кезінде жедел уәкілдер қызметтік итті қолдана отырып, жалпы салмағы 5 келіден астам жасыл түсті өсімдік тектес 6 бұта мен 13 полиэтилен пакетін тауып, тәркіледі.

Күдікті өз кінәсін мойындап, есірткіні жеке пайдалану үшін сақтағанын айтты.

Осы факті ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу) бойынша СДТБТ-да тіркелген.

6 желтоқсан 2023, 17:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.