Атырау, 27 қыркүйек 14:36
 ашықВ Атырау +14
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Қазақстан Интерполдың активтерді іздеу және қайтару бойынша жаңа құралдарын енгізбек

709 просмотра
Фото: Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің және Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының өкілдері Венадағы (Австрия) Интерпол бас ассамблеясының 91-сессиясының жұмысына қатысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, биыл Бас ассамблеяға 160 елдің құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

«Интерполдың арнайы жұмыс тобы активтерді іздеу және қайтару бойынша жаңа «Күміс бюллетень» және «Күміс хабарлама» құралдарын енгізу бойынша пилоттық жобаны таныстырды. Жоба 2024 жылы іске қосылады. Аталған құрал қатысушы елдерге қылмыстық активтерді табуға, тексеруге, тыйым салуға және тәркілеуге мүмкіндігін береді деп күтілуде. Қазақстандық делегация бұл жобаға қатысуға дайын екендігін мәлімдеді», - делінген ведомство хабарламасында.

Бас Ассамблеяның «алаңдарында» Активтерді қайтару жөніндегі комитеттердің өкілдері Интерполдың Қаржылық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес орталығының (INTERPOL Financial Crime and Anti-Corruption Centre) жауапты офицерлерімен кездесулер өткізді. Шетелдегі қылмыстық активтерді қадағалау, олардың бенефициарлық иелерін тексеру және оларды қайтару тетіктерін әзірлеу бойынша ақпарат алмасудың бірлескен алгоритмі әзірленді.

Бұдан басқа, Австрия, Молдова, Латвия, Түркия және басқа елдердің Интерпол өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізілді. Заңсыз иемденілген активтерді қайтару міндетінің мәнмәтінінде қылмыстық активтерді заңдастыруға, сыбайлас жемқорлыққа, салық төлеуден жалтаруға және басқа да қаржылық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша ынтымақтастық туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.


5 желтоқсан 2023, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.