Атырау, 27 қыркүйек 14:35
 ашықВ Атырау +14
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Мемлекет волонтерлерге қолдау көрсете береді – Тоқаев

592 просмотра
Фото: ortcom.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық волонтер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Президент Х желісіндегі парақшасында жазды. 

«Бүгін – Халықаралық волонтер күні. Біз өзгеге қол ұшын беретін жандарды әрдайым құрметтейміз. Еріктілер мейірімділік пен сүйіспеншіліктің, тілектестік пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. «Адал азамат» тұжырымдамасының тірегі – осы мызғымас құндылықтар. Қоғамға пайдалы іс-шараларға атсалысатын, қайырымдылық жобаларын жүзеге асыратын және мұқтаж адамдарға қамқорлық танытатын барша азаматтарға алғыс айтамын. Сіздердің жасампаздыққа толы қызметтеріңіз – шынайы отаншылдықтың көрінісі. Мемлекет волонтерлерге қолдау көрсете береді», – деп жазды Президент.

Айта кетейік, 5 желтоқсанда әлемде дәстүрлі түрде Халықаралық еріктілер күнін атап өтеді. Атаулы күн БҰҰ Бас Ассамблеясының 1985 жылы 40-шы сессиясында мақұлданған және волонтерлердің қоғамдағы маңызды рөлін, мұқтаж жандарға көмектесудегі жанқиярлық үлесін және түрлі қайырымдылық және әлеуметтік бастамаларын мойындауға және қолдауға арналған.

5 желтоқсан 2023, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.