Атырау, 27 қыркүйек 14:36
 ашықВ Атырау +14
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Заңсыз автотұраққа тосқауыл қойылды – прокуратура

617 просмотра
фото: freepik.com

Алматы облысында полиция жүргізушілердің көлігін ақылы автотұраққа қойғызып отырған. Прокуратура бұл заңсыздыққа тосқауыл қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұдан былай айыппұл тұрағына көлікті қойғаны үшін жүргізушілер ақы төлемейді. Еңбекшіқазақ ауданының прокурорлары арнайы жер бөлгізіп, тегін автотұрақ жасатты.  

«Әкімшілік өндіріске қатысушылардан автомобиль құралдарын арнайы тұрақтарда (айыппұл тұрақтарында) сақтағаны үшін ақша қаражатын заңсыз алу практикасын тоқтатты. Заң нормаларына сәйкес арнайы тұрақтар жергілікті бюджет есебінен ұсталуы және азаматтар үшін өтеусіз болуы тиіс», - деп хабарлады Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы.

Жол полициясы қызметкерлері құқық бұзушылық пен жол көлік оқиғаларына жол берген жүргізушілердің көліктерін жеке адамның айыппұл тұрағына апарып отырған. Ал онсызда проблемаға тап болған жүргізушілерден жеке айыппұл тұрағын ашып алған кәсіпкер полициялардың көмегі арқылы қомақты және тұрақты пайда тауып келген. Әрбір көліктің иесі тәулігіне 2000 теңге төлеуге мәжбүр болған.

«Еңбекшіқазақ ауданы прокуратурасының араласуынан және қадағалау актісін енгізгеннен кейін ауданның жергілікті атқарушы органдары арнайы тұрақтарды ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдады. Арнайы 38 соттық жер қарастырылып және оны  ұстауға 24 млн теңге бөлінді. Сол арқылы аудан азаматтары заңсыздықтан қорғалды. Айта кету керек, аталған проблема облыстың басқа аудандарында әлі де бар», - делінген хабарламада.
4 желтоқсан 2023, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.