Атырау, 27 қыркүйек 14:31
 ашықВ Атырау +14
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Президент Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі тағайындалды

633 просмотра

Ержан Сейітқұлов Президент Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нұраханұлы Сейітқұлов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ержан Сейітқұлов  - физика-математика ғылымдарының кандидаты, "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Ақпараттық технологиялар және киберқауіпсіздік институты "Астана" ХҒК бұрынғы бастығы.

Мемлекет басшысының өкімі бойынша, бұрын осы қызметті атқарған Ғани Тілеубеков қызметінен босатылды.

4 желтоқсан 2023, 08:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.