Атырау, 27 қыркүйек 14:32
 ашықВ Атырау +14
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

​Қазатомөнеркәсіп БАЭ уран концентратын жеткізеді

487 просмотра

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ мен БАӘ энергетикалық компаниясы Emirates Nuclear Energy Corporation (ENEC) БАӘ «Барака» атом электр станциясының энергетикалық қажеттіліктері үшін қазақстандық табиғи уран концентратын жеткізу бойынша тарихтағы алғашқы келісімшартқа қол қойды.

Қол қою рәсімі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында өтіп, оның барысында Қазатомөнеркәсіп делегациясы Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі жөніндегі COP28 конференциясына қатысты.

«Біз Қазатомөнеркәсіп пен ENEC компаниясы арасындағы тарихтағы алғашқы коммерциялық келісімшартпен біздің компаниялар арасындағы маңызды және перспективалы ынтымақтастықтың басталғанын мақтан тұтамыз. Біздің сатылымдарымыздың географиясы БАӘ-мен толықтырылғанына өте қуаныштымыз және Қазатомөнеркәсіптің БАӘ-нің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі және шығарындылардың нөлдік деңгейіне қол жеткізудегі рөлін жоғары бағалаймыз, бұл біздің компанияның әлемдік ядролық отын нарығында сенімді жеткізуші ретіндегі тұрақты беделін көрсетеді. Болашақта біздің серіктестігіміз «Барака» АЭС үшін табиғи уранды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған жаңа келісімшарттарға қол қою арқылы ғана нығая түседі деп үміттенеміз, - деді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан ЮСУПОВ.
«Әлемдегі ең ірі уран өндіруші Қазатомөнеркәсіппен келісімшартқа қол қоюдың ядролық отынды одан әрі әртараптандыру және жеткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан ENEC үшін стратегиялық маңызы зор. Көптеген елдердің азаматтық атом энергетикасын өзінің энергетикалық балансына қосу жағына елеулі оң ауысуы аясында отын жеткізілімінің қауіпсіздігі бірінші кезектегі маңызға ие. Қазатомөнеркәсіп БАӘ қажеттіліктері үшін экологиялық таза электр энергиясын өндіру үшін отынның тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ете отырып, біздің әріптестеріміздің тізімін кеңейтеді», - деп атап өтті ENEC басқарушы директоры және бас атқарушы директоры Мұхаммед әл ХАММАДИ.

БАӘ-нің ірі энергетикалық компаниясымен жасалған бұл келісімшарт екі елдің атом компаниялары арасындағы ынтымақтастыққа жаңаша серпін береді, сондай-ақ Қазатомөнеркәсіптің сату географиясында жаңа елді ашады.

Келісімшарттың көлемі мен коммерциялық шарттары құпия және коммерциялық тұрғыдан сезімтал болғандықтан көпшілікке жария етілмейді.

4 желтоқсан 2023, 08:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.