Атырау, 27 шілде 05:13
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Түркістанда жоғалған 4 жасар баланың мәйіті табылды

819 просмотра
polisia.kz

Түркістанда жоғалған 4 жасар баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, 3 желтоқсан күні үздіксіз іздестіру жұмыстарынан кейін көрші үйдің маңындағы септиктен 4 жасар баланың денесі табылған.

Баланың денесіне сот-медициналық сараптама жүргізілген, зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.

Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобының қызметкерлері, полиция департаменті мен прокуратураның басшылығы жүр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

1 желтоқсан күні кешке Түркістан тұрғыны қала полициясына хабарласып, ойнауға шыққан 4 жасар ұлы үйіне оралмағанын айтқан.

Баланы іздеуге полицияның барлық жеке құрамы жұмылдырылған. Жоғалған баланың белгілері туралы ақпарат фотосуретпен бірге барлық ауданға таратылған. Еріктілер мен жергілікті тұрғындар да көмекке жеткен.

Бақыт Айбар Алдиярұлы 2019 жылы 25 мамырда туған.

3 желтоқсан 2023, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.