Атырау, 23 шілде 12:04
 дождьВ Атырау +33.4
$ 467.65
€ 533.26
₽ 5.96

Танымал актер Асқар Наймантаев дүниеден озды

1 102 рет қаралды
Фото ашық дереккөзден

Елімізге танымал актер Асқар Наймантаев дүниеден өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы әлеуметтік желіде актердің достары мен туыстары жазды.

Асқар Әбдіғалымұлы Наймантаев - 1965 жылы 17 маусымда Алматы облысы, Нарынқол ауылында, өнерлі отбасында дүниеге келген.

Ол «Домашние войны», «Бастық боламын», «ОрыStar в Шымкентте», «Детектив әже», «Туысқандар», «Бұйымтай», «Өсекшілер», «Внуки в ауле» комедиялық сериалдарында, Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат», Бақытас Санитастың «Тезек» фильмдерінде ойнады.

Сонымен қатар қазақ эстрадасының сахнасында Асқар Наймантаев «Тамаша» ойын-сауық отауы арқылы көпшілікке танымал болды.

Айта кетейік, осыдан 1 апта бұрын актер Instagram парақшасында ауруханадағы суретін жариялаған болатын.

2 желтоқсан 2023, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.