Атырау, 27 қыркүйек 16:22
 ашықВ Атырау +14
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Жыл соңына дейін 1-санаттағы жұмыртқа бағасы қымбаттамайды – Сауда министрлігі

627 просмотра
Фото: freepik.com

ҚР Сауда және интеграция министрлігі жыл соңына дейін С1 санатындағы жұмыртқа бағасын тұрақтандыру бойынша Қазақстан құс өсірушілер одағымен және Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл келісім маусымдық қымбаттау кезеңінде жұмыртқа бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік беретін болады.

«Жасалған меморандум аясында одақ пен қауымдастық отандық құс фабрикаларымен бірлесе отырып 1-санаттағы жұмыртқалардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, осы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына мереке қарсаңында бағаның күрт және негізсіз өсуін болдырмау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады», - делінген хабарламада.

Өз кезегінде ҚР Сауда және интеграция министрлігі кәсіпорындарындағы сауда үстемесінің сақталу мәніне күнделікті баға мониторингін жүргізетін болады.

2 желтоқсан 2023, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.