Атырау, 27 қыркүйек 16:27
 ашықВ Атырау +14
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

"АрселорМиттал Теміртау" зауытында кран құлады

795 просмотра
видео кадры

Теміртаудағы металлургиялық зауытта аспалы кран құлады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

30 қарашада №1 қаңылтыр прокат цехында алып аспалы кранның жартылай опырылып түсті.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, конструкцияның құлауына кран арқалығының бүтіндігінің бұзылуы себеп болған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап жатыр.

"Плитаны дайындау орнында № 80-82 осьтің бойындағы құрылыс краны арқалығының бұзылуы салдарынан 1998 жылы шығарылған кранның бір жақты бүйірлік құлауы орын алды. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда. Тергеу кәсіпорынмен жүргізілетін болады және ғимараттың құрылыс конструкцияларының зақымдануы және аспалы кранның қалыпты жағдайда болуына байланысты оқиға ретінде жіктеледі", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
1 желтоқсан 2023, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.