Атырау, 24 ақпан 18:37
 ашықВ Атырау -11
$ 449.88
€ 486.64
₽ 4.83

Бишімбаев «аса қатыгездікпен адам өлтірді» деп айыпталды

868 просмотра
Фото : facebook.com

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев полицейлердің екі күдіктіні ұстағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бишімбаевқа қатысты «Аса қатыгездікпен өлтірген» деген айыппен іс қозғалды, оның туысы да қылмысты жасырғаны және полицияға хабарламағаны үшін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол қылмыс жасалған күні Бишімбаевтың қасында болып, ауыр қылмыс жасалғаны туралы полицияға хабар бермеген», - деді Өміралиев.

Мұндай қылмыстың мерзімі 15 жылдан 20 жылға дейін артуы мүмкін.

Прокуратура өкілі қылмыстық іс аясында зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, соның қорытындысы бойынша тергеу органдары қосымша ақпарат беретінін айтты.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін  өлтірді деп күдікке ілінгені жөнінде ақпарат тарады

12 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелінің өліміне қатысты тағы үш қылмыстық іс тіркелгені белгілі болды. Оның бірі ҚР Қылмыстық кодексінің 432-бабы (Қылмысты жасыру) бойынша ашылды. Оның аясында гастро-орталық директоры күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

30 қараша 2023, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.