Атырау, 27 шілде 04:50
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады – Тоқаев Алматыдағы өрт туралы

896 просмотра
Фото: Ақорда

Президент Алматыда жатақханада қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы хостелдердің бірінде қаза тапқан Қазақстанның және шетел азаматтарының жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты.

Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдікке зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету тапсырылатынын айтты.

 Еске салайық, бүгін таңертең сағат 05.30-да Әди Шәріпов көшеіндегі хостелден өрт шығып, 13 адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы өрттен зардап шеккен 4 адамның ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеді.  Алматыда  хостелдегі өрт салдарынан қаза тапқандардың жеке басы анықталды. Қаза тапқандардың төртеуі шетелдік азаматтар болып шықты.

Сондай-ақ аталған оқиғаға бойынша Үкіметтік комиссия құрылды. Ал Бас прокуратура өкілі ішкі істер органдары осы фактіге қатысты қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртке оранған хостелдің рұқсат құжаты болмаған


30 қараша 2023, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.