Атырау, 27 қыркүйек 16:19
 ашықВ Атырау +14
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Кепілге алынған мүлік: Алматыда өрт шыққан хостелге қатысты жаңа дерек айтылды

903 просмотра
Фото: nur.kz

Алматыда 13 адам қаза тапқан хостелдің бір жарым ай бұрын ғана ашылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ғимарат «Халық банкке» тиесілі, банк оны кепілмүлік ретінде жалға берген .

«Әди Шәріпов көшесі, 86 мекенжайындағы «Almaty Hostel» хостелінде 30 қарашада шамамен таңғы сағат 5.33-те Әди Шәріпов көшесі, 86 мекенжайындағы «Almaty Hostel» хостелінің жертөлесінен өрт шықты. 30 м2 аумақ өртке оранды. Хостел бір жарым ай бұрын ашылған, ғимарат Халық банкке тиесілі, банк оны кепілмүлік ретінде жалға берген», - делінген әкімдік хабарламасында.

Бұл хостел Алматы қаласы жоғары оқу орындарымен студенттердің тұруы үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған жоқ.

«Студенттердің осы хостелде тұруына өтініш түскен жоқ, студенттерді хостелге орналастыру жұмысы жүргізілмеді», - делінген хабарламада.

30 қараша 2023, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.