Атырау, 27 қыркүйек 16:26
 ашықВ Атырау +14
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адам қаза тапты

969 просмотра
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қалалық ТЖД хабарлауыныша, қайғылы оқиға бүгін, яғни 30 қарашада таңғы сағат 05:33-те Әди Шәріпов көшесінде болған.

«Өрт туралы хабарлама келіп түсе салысымен, №1 өрт сөндіру бөлімі шақырту орнына 7 минут ішінде келді. Келген бойда 1-қабаты және жертөлесі жатаханаға айналған 3 қабатты тұрғын үйдің өртеніп жатқанын анықтады Алдына ла ақпарат бойынша өрттің жалпы ауданы 30 шаршы метрді құрады», - делінген ТЖД хабарламасында.

Қабылданған шаралар арқылы өрт сағат 06:22-де жойылды.

«Алдын ала ақпаратқа сәйкес өртті барлау және сөндіру барысында 13 адам қаза тапты, олардың жеке басы анықталуда. Көміртегі тотығымен уланудан қайтыс болған», - едлінген хабарламада.

Өрт болған жерге Алматы қаласы ТЖД 46 адам және 13 бірлік техника жұмылдырылды.

«Қазіргі кезде өрт пен адамдар өлімінің себебі анықталып жатыр. Ақпарат түсуіне қарай толықтырылатын болады. Ресми дереккөздерге сілтеме жасауларыңызды сұраймыз», - деді ТЖД өкілдері.

30 қараша 2023, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.